Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қызметтерінен босатылды. Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылып жатыр. Енді оның функциялары Халық кеңесіне беріледі. Халық Кеңесі елдің ең жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Отырыстар жылына кемінде бір рет өткізіледі. Ол 126 адамнан тұрады: 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі ірі қоғамдық бірлестіктерден, 42-сі мәслихаттардан және аймақтық қоғамдық кеңестерден. Кеңестің барлық мүшесін президент тағайындайды, ал төрағаны оның мүшелері сайлайды.