Маңғыстауда ABTM MMA командасының спортшылары референдумға қатысып, ұлттық киіммен дауыс берді. Олар осылайша «Маңғыстау Style» челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
15 наурызда өткен саяси науқанға «АБТМ» ЖШС ұжымы толықтай ұлттық нақышта киініп келген. Ұжым басшысы Низами Севзиханов та өз таңдауын жасап, әр азамат үшін дауыс берудің маңызына тоқталды.
«– Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің жарқын болашағы жолындағы референдумға қатысуды әрбір отандасымыздың міндеті деп білемін, – деді Низами Севзиханов.»
—
Айта кетерлігі, Маңғыстау өңірінде биылғы референдум Амал мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, сайлау учаскелерінде ерекше мерекелік ахуал орнады.
Дауыс беруге келген тұрғындардың басым бөлігі ұлттық киім киіп, бір-бірімен көрісіп, игі тілектерін білдірді. Сайлау учаскелерінде қазақы әуендер ойнап, көпшілік азаматтық белсенділігін мерекелік көңіл-күйде танытты.
