Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында атыс болып, салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 9 шілде күні таңертең автокөлік жуу кешенінің маңында болған. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде атыс туралы хабарламалар мен зардап шеккендердің суреттері тарай бастады.

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі екі ер адамның ауруханаға жатқызылғанын растады.

«2001 жылы туған науқас №1 хирургия бөлімшесіне мына диагнозбен жатқызылды: бет, мойын, екі жоғарғы аяқтың көптеген оқ жарақаттары; оң жақ кеуденің тесілген оқ жарақаты, оң жақтағы травматикалық гемоторакс. 1999 жылы туған науқас №2 хирургия бөлімшесінде мына диагнозбен емделуде: оң жіліншіктің ортаңғы үштен бір бөлігінің оқ жарақаты, бет сүйектерінің көптеген сынықтары», — деп хабарлады аурухана.

Медициналық мекемеде екі науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екенін және оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.