Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы "Газель" мен жол қоршауының арасында қысылып, көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
9 қыркүйекте "Жетібай – Ақтау автожолында" төрт көлік жол апатына түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бір КамАЗ екінші КамАЗ-ды сүйреп келе жатқан.
Жолда тұрған "Газельді" айналып өту кезінде маневр жасап, сүйретіліп келе жатқан КамАЗ "Газельге" соғылған. Соққыдан "Газель" жолдың қоршауына барып соғылып, көлік пен қоршаудың арасында болған екі ер адам қысылып қалған.
Екеуі де алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазір тергеу жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталуда.
