Маңғыстау облысында төрт адамның қазасына әкелген жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2025 жылдың 12 шілдесінде Маңғыстау облысының аумағында болған. Жүргізуші Nissan автокөлігін басқарып келе жатып, жол ережесін бұзған. Салдарынан төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сотталған адам 10 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым беруге құқығы бар.