Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғада тағы бір сарбаздың қазасы туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
24 қыркүйекте теңіздегі оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметші суға кетті. Салдарынан 14 әскери қаза тапты, үшеуі аман қалды.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook-тегі Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қазасы туралы ақпаратпен қоғамды шатастыру әрекетін анықтады.
Орталыққа Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, сарбаздың қазасы туралы ақпарат расталған жоқ, деп хабарлады Орталықта.
Орталық сонымен қатар әлеуметтік желі пайдаланушыларын ресми дереккөзге сілтемесіз жарияланған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
"Жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкелуі мүмкін", - деп ескертеді Орталықта.
Meta (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) Ресейде экстремистік деп танылған.
