Маңғыстау облысы Қарақия ауданында қараусыз қалған ұңғымадан газдың ауаға таралуы анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

29 маусымда Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасына қараусыз қалған ұңғымадан газдың ауаға таралып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аймақтағы экологтар оқиға орнына барып, ауа сынамаларын жинап, ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін тіркеді.

«Зертханалық зерттеулер ластаушы заттардың деңгейі рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін көрсетті», — дейді экологтар.

Мамандардың хабарлауынша, бұл оқиға жөнінде Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар берілді.