Фото: Іnstagram.com/eltizarov_online
Маңғыстау облысының Түпқараған және Мұнайлы аудандарының бұрынғы әкімі Әт Елтізаров мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 4 қарашада Рахат Елтізаровты мас күйінде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартты
Экс-шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
«“26 қазан күні сағат 21:50-де Ақтау қаласының 2-шағын ауданындағы «7 пятниц» барының маңында Рахат Елтізаров Chery Tiggo 4Pro автокөлігін мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылған. Медициналық тексеріс оның қанында 0,22 промилле алкоголь бар екенін анықтады”, – делінген іс материалында.»
—
Рахат Елтізаровтың қорғаушылары алғашқы сот инстанциясының шешіміне шағымданды. Алайда 6 қарашада Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.