Маңғыстау облысында 82 бұрынғы сотталғанға 10,2 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару бағдарламасы жұмыс істейді. Басты мақсат – адамдарға бостандықта өмірін реттеуге, заңды табыс табуға және криминалдық өткенін ұмытуға көмектесу.

Пробация қызметі мен әкімдік есепте тұрған 859 қазақстандықтың мекенжайын тексерді. Барлық азаматтармен қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілді. 106 есептегі адам жұмысқа орналастырылды.

Бұрынғы сотталғандарды бейімдеу үшін мемлекет жалпы 17 млн теңге бөлді. 82 азаматқа жалпы сомасы 10,2 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданында бұрынғы сотталғандарды жаңа мамандықтарға оқыту тәсілі табылды. Жергілікті «АРС» оқу орталығы мен «НефтеПромСтройСервис» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Осының арқасында пробация қызметінің есебінде тұрған 13 қазақстандық тегін оқуға жіберілді.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда көбірек түрме салуды жоспарлап отырғанын жазған болатын.