Маңғыстау облысында жасөспірім Toyota 4Runner көлігін ата-анасының рұқсатынсыз айдап кетіп, трансформаторға соғылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешке Теңге ауылында болған. Соқтығыс салдарынан жабдық зақымданып, ауыл жарықсыз қалған.

Оқиғадан кейін жасөспірімнің анасы тұрғындардан кешірім сұрады. «Кәмелетке толмаған ұлым көлікті рұқсатсыз алып кетіп, трансформаторға соғылды. Қолайсыздық туғызғанымыз үшін баршаңыздан шын жүректен кешірім сұраймын», — деді әйел.

Полиция ата-аналарды кәмелетке толмағандардың көлікті өз бетінше басқаруына жол бермеуге және көлік кілттерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырды. «Бір сәттік жауапсыздық орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін», — деп атап өтті ведомство өкілдері.