Маңғыстау облысында Бейнеу – Маңғыстау темір жол учаскесінде топырақ сырғып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 16 шілдеде сағат 08:04-те Сайөтес – №9 разъезд аралығында болған. Қазақстан темір жолы компаниясының мәліметінше, жауын-шашынның көп болуы салдарынан темір жол төсемінің топырағы сырғыған.
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша тақ жолмен қозғалыс ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады компания.
Оқиға орнына арнайы комиссия мен тиісті қызметтер жіберілді. Қазір учаске тексеріліп, пойыз қозғалысын қалыпты режимге келтіру үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
