Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай орын алып, қаза тапқан әскерилер саны 12-ге жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр. Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, ауа райының күрт нашарлауы мен желдің күшеюіне байланысты жауынгерлік жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге кеткен.
Он екі адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды, ал тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі мерт болған 12 адамның тізімін жариялады.
Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды. 24 қыркүйек күні ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен.
Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр тұрақты екенін хабарлады. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты дереу үкіметтік комиссия құрылды. Президент 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.
