Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.

Марапатталған әскери қызметшілер

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • 01Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • 01Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • 02Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • 03Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • 04Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • 05Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • 06Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • 07Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  • 08Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • 09Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  • 10Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • 11Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  • 12Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • 13Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).