Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.
Апат салдарынан 9 әскери қызметші көз жұмды. Қорғаныс министрлігі осы жағдай туралы хабарлады.
