Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында атыс болып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Құрбан болғандар жоқ.

Қылмыстық іске қатысты төрт баппен іс қозғалды. Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, «Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды».

Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтады. «Жедел-іздестіру нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция хабарламасында.

Тергеу жүріп жатыр.