Малайзиядағы рохингия босқындарының мектептері онлайн режимдегі өшпенділік насихатының күрт өсуіне байланысты жабылу қаупіне тап болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Рохингия мұсылмандары негізінен Мьянмадан қашып, Малайзияға паналаған. Алайда соңғы уақытта әлеуметтік желілерде оларға қарсы өшпенділік насихаты күшейіп, бұл олардың білім алу мүмкіндігіне қауіп төндіруде. Жергілікті билік өкілдері мектептердің жабылуы мүмкін екенін ескертті.