Малайзияның Букит-Мертаджам қаласында Аш рухтар фестивалі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
28-29 тамызда өткен фестивальде этникалық қытай тұрғындары рухтардың қамқоршысы Да Ши Е құдайының қағаз мүсініне табынып, хош иісті таяқшаларды жағып, отқа қағаз құрбандықтарды лақтырды. Шеруге қытай операсының әртістері де қатысты.
Associated Press фотографы Винсент Тиан фестивальдің негізгі сәттерін түсірді. Фотосуреттерде қағаз мүсіндерді дайындау, рәсімдер, отқа құрбандық шалу және шеру көріністері бейнеленген.
Фестиваль — ата-бабаларды еске алу және адасып жүрген рухтарға көмектесу дәстүрі. Қатысушылар қағаздан жасалған үй, ақша және басқа да заттарды өртеп, олар рухтарға жетеді деп сенеді.
