Малайзия премьер-министрінің коалициясы Джохор штатындағы сайлауда негізгі серіктесінен жеңіліс тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау нәтижелері федералдық үкіметтегі серіктестер арасындағы қарым-қатынасты сынаққа алады. Премьер-министр Анвар Ибрагимнің коалициясы Джохордағы дауыстардың көпшілігін жоғалтты, бұл оның саяси тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.