Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайда өткен жастар арасындағы (23 жасқа дейін) Азия чемпионатында сырықпен секіруден қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Балабин өзінің жеке рекордын жаңартып, 5,05 м биіктіктегі сырықты бірінші әрекетте еңсерді. Алайда ол Катардан келген жеңімпаз Селфелдин Абдельсаламға 40 см жоғалтып, екінші орынға ие болды.
Алина Чистякова көпсайыстың төрт пәнінен кейін көш бастап тұр. Қарағандылық спортшы 100 метрге жүгіруде жеке рекордын жаңартты – 14,05 (бұрынғысы 14,09), ал биіктікке секіруде 1,72 метрге секірді. 1850 ұпай жинаған Алина Өзбекстандық Угилой Норбоевадан 10 ұпайға озық тұрды.
Ядро лақтырудан кейін екеуін де қытайлық Сингу Ху (13,55) басып озды. Норбоева снарядты 12,14 метрге, ал Чистякова 11,62 метрге лақтырды – бұл да жеке рекорд.
200 метрді 25,09 секундта жүгіріп (қатысушылар арасында екінші уақыт) Алина 3365 ұпаймен бірінші орынға қайта оралды. Ертең жетісайыс бағдарламасында тағы үш пән – ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру.
Мария Шувалова 400 метрге жүгіру финалында қола жүлдеге небәрі 0,4 секунд жетпей қалды – 53,14. Анна Шумило алтыншы орынды иеленді – 54,83.
400 метрге кедергілермен жүгіру финалында Екатерина Колода бесінші (59,98), ал Анастасия Цвиркунова алтыншы (1.00,16) болды.
Азия чемпионаты (U23) осы жас санатында алғаш рет өткізілуде. Ұлттық құрамалардың жақын резерві 45 бағдарлама түрінде жарысады. Қазақстан қытайлық Ордос қаласына 21 қатысушыны жіберді – 17 қыз және 4 жігіт. Кеше ұзындыққа секіруде Анастасия Рыпакова күміс жүлдегер атанды.
Үш жарыс күнінен кейін медальдық есепте чемпионат иелері сенімді түрде көш бастап тұр.
