Владимир Зеленский "Үлкен жетілік" (G7) саммиті аясында Украина қақтығысы бойынша сессияға қатысады, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Сейсенбі күні таңертең біз Украина мәселесін... Себебі біз G7 ішінде Украинаны қолдау мәселесі бойынша жақындасуды қалпына келтіруіміз керек", - деді Макрон.
15-17 маусым аралығында Францияның Эвиан-ле-Бен курорттық қаласында өтетін G7 саммитіне Франция төрағалық етеді. G7 елдерінен басқа, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Корея және Кения көшбасшылары да қатысады.
