Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ пен Ресейдің дизель отынына қатысты келісімі Вашингтон мен Еуропа арасына сызат түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл – жағымсыз белгі, сондай-ақ алауыздық пен күмән тудыратын фактор. Керісінше, сенімсіздік туғызуы мүмкін», - деді ол Брюссельде өткен Еуропалық одақ саммитінің қорытындысы бойынша брифингте.

Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымын өзгертуге тырысатынын және жанармай бағасын төмендету шараларымен айналысатынын да айтты.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазанда Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде уағдаластыққа келген.

Осыдан кейін Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бейбіт келісімдерге дайын еместігіне және Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатқысы келмейтініне тағы да наразылық білдірді. Ол Украинаға Ресеймен келіссөз жүргізе алатын жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.

Зеленский Ресей мен АҚШ арасындағы дизель отынына қатысты келісімге жария түрде наразылық білдірді. Кейін ол бұған дейін Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауға тыйым салғанын, алайда қазір бұл тыйымның күшін жойғанын мәлімдеді.