Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары құжатты жеті күн бойы 18 тамызға дейін қабылдайды.
Қажетті құжаттар тізімі
- 01жеке куәліктің көшірмесі;
- 02жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- 03кешенді тестілеу сертификаты;
- 04шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болса ғана).
Тапсыру ерекшеліктері
Құжаттарды тапсыру кезінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетуге болады.
Биыл 58 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсырған. Енді шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады.
Гранттар мен мерзімдер
Магистратураға 11 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлініп отыр. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Ал оқуға қабылдау 28 тамызда аяқталады.
