Орталық сайлау комиссия мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, алдағы сайлауға қосымша 3 022 округтік сайлау комиссиясы тартылады. Бұдан бөлек, 3 113 бір мандатты округте сайлау өткізуге байланысты қосымша шығындар қарастырылған.

«Бұның барлығын ескере отырып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті қаражаттың жалпы көлемі 35 млрд 800 млн теңгені құрады», – деді Бортник.

Қаржының басым бөлігі – 70 проценті комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады.

Бұған дейін Қазақстанда кезектен тыс мәслихаттар сайлауы өтетіні және дауыс беру тәртібі туралы хабарланған болатын.