Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санына қатысты қаулыға өзгеріс енгізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәслихат депутаттарының саны елді мекендегі халық санына қарай белгіленеді. Жаңа тәртіп бойынша:
- 01Халқы 15 мың адамға дейінгі аудандарда – 10 депутат;
- 02Халқы 50 мың адамға дейінгі қалаларда – 11 депутат;
- 03Халқы 300 мың адамға дейінгі облыстарда – 23 депутат;
- 04Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 30 депутатқа дейін.
Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді. Шағын қалаларда халық саны әр 25 мың адамға, ал аудандарда әр 15 мың адамға өскен сайын депутаттар саны бір адамға артады.
ОСК қаулысында кейбір қалалар мен аудандардағы мәслихат депутаттарының нақты саны да көрсетілген. Атап айтқанда:
- 01Ақтөбе – 30 депутат;
- 02Тараз – 28 депутат;
- 03Семей – 22 депутат;
- 04Алатау – 11 депутат.
Алматы облысы бойынша:
- 01Қарасай ауданы – 25 депутат;
- 02Еңбекшіқазақ ауданы – 25 депутат;
- 03Іле ауданы – 25 депутат.
Жамбыл облысы бойынша:
- 01Жамбыл ауданы – 13 депутат.
Абай облысы бойынша:
- 01Үржар ауданы – 11 депутат.
Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Мақаншы, Жаңасемей, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарындағы мәслихаттарда 10 депутаттан болады.
Айта кетері, Қазақстанда жыл соңына дейін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылап, тиісті жарлыққа қол қояды.
