5 шілдеде Қазақстан Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Мейрам қарсаңында Мәскеудегі Абай Құнанбаев ескерткішінің жанында музыкалық іс-шара өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Отандастардың шығармашылық топтары – Мәскеудегі "Қазақ мәдени орталығы" ҰЕАҰ және Самарадан келген "АҚ ЖОЛ" қазақтардың ұлттық мәдени автономиясы Абай ескерткішінің жанында және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде өнер көрсетті.
