Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 14-кездесуі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуге Қазақстан атынан Аида Балаева қатысып жатыр.

Ресей президенті Владимир Путиннің кездесу қатысушыларына жолдаған үндеуінде: «Бүгінде күрделі геосаяси ахуал жағдайында және әлемнің бірқатар өңірінде қақтығыстар шиеленіскен тұста ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен егемендігін нығайту, Достастық кеңістігінде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сіздердің құрылымдарыңыздың зор талдамалық және болжамдық әлеуетін барынша пайдалану маңызды», – делінген.

Үндеуді Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу оқып берді.