Мәскеудегі «Россия сегодня» медиатобының ғимаратында «РИА Новости» агенттігінің әскери тілшісі, «Батылдық» орденінің иегері Иван Зуевтің құрметіне арналған естелік тақта орнатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Медиа-топтың бас директоры Дмитрий Киселев ескерткіш тақтаны ашу рәсіміне жиналғандарға алғыс айтып, олардың кәсіби және жеке ынтымақтастық танытқанын атап өтті. Ол Зуевтің қаһармандықпен қаза тапқанын атап өтті.

«Кейбіреулерге кәсіби және азаматтық тұрғыдан өзін-өзі толық танытудың ең жоғарғы нысаны — өзін шынайы құрбан етуге бару мәртебесі бұйырады. Ваняға осындай мәртебе бұйырды, сөйтіп оның өмірі ең жоғарғы мәнге ие болды», — деді Киселев.

Айтуынша, Иван Зуев батыл, дарынды әрі өжет журналист болған.