Мәскеуде Абай күні аталып өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәстүр бойынша Абай күні Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары, РФ СІМ, Мәскеу үкіметінің, қазақ мәдениеті қоғамдарының өкілдері, жергілікті жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының «Чистые Пруды» бульварындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Елші Дәурен Абаев Абай шығармашылығы қазақ халқының барлық даналығын бойына сіңіріп, оның рухани көкжиегін көптеген жыл бұрын айқындағанын атап өтті.

Іс-шара аясында оның қатысушылары Абайдың Қара сөздерін оқып, әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін шырқады.

Абай күні Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы қаулысымен бекітілген. Мәскеуде оған ескерткіш 2006 жылдың 4 сәуірінде ашылған.