Мәскеу мұнай өңдеу зауыты украин дронының шабуылынан зақымданды, деп мәлімдеді қала әкімі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл салдарынан зауытта өрт шығып, зақым келген. Әкімнің айтуынша, оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде. Толық ақпарат әзірге белгісіз.