Жексенбі күні кешке Лос-Анджелестің орталығында өткен MTV Video Music Awards (VMAs) марапаттау рәсімінде Тейлор Свифт, Мадонна және LISA басты жеңімпаздар қатарында болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мадонна 20 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет осы марапаттау шоуында өнер көрсетті және бірнеше жүлдені, соның ішінде «жыл әртісі» атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар, Тейлор Свифт тарихта алғаш рет «Artist Director Honor» марапатына ие болды және түннің басты жүлдесі — «жыл бейнебаяны» (video of the year) атағын жеңіп алды.