Қытайда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Турнирдің соңғы күні қазақстандық Любовь Ковальчук 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтыншы орын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
25 жастағы штангистіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 263 келі (116+147) жинады. 2026 жылғы Азия ойындарында Ковальчук төртінші орын алған болатын, онда оның нәтижесі 267 (115+152) келі еді. Әлем біріншілігінде Любовь снарядқа үш мәрте көтерілу жасады. Бірінші жаттығуда екі мәрте (7-орын) және екіншісінде бір мәрте (9-орын) сәтті орындады. 120 келілік штанганы жұлқи көтеруде, сондай-ақ 155 және 156 келіні серпе көтеруде бағындыра алмады.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған қытайлық Ян Ли – 317 (147+170). Күміс Оңтүстік Кореядан келген Хечжон Пакқа бұйырды – 286 (125+161). Үшінші орынды оның отандасы Хеджон Ким иеленді – 277 (118+159).
Жаңа салмақ дәрежелерінде алғаш рет өткен әлем чемпионатының медаль есебін КХДР құрамасы жеңіп алды. Қазақстан үш күміс медальмен топ-10 қатарына жақындай алмады.
Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстанды жеті спортшы қорғады. 2024 жылғы әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алды. 2026 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы жұлқи және серпе көтеруде кіші күміс медальдарды да жеңіп алды.
Алексей Чуркин 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4-орын, Артем Антропов (110 келіге дейін) – 8-орын. Петр Хребтов (75 келі) 14-ші болды. Едіге Емберді (85 келі) – 16-шы. Аянат Жұмағали (77 келі) 19-орынға тұрақтады.
