Беларусь президенті Александр Лукашенко Аль-Арабия телеарнасына берген сұхбатында Иран мен Украинадағы қақтығыс тек келіссөз арқылы аяқталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Лукашенко бұл қақтығыстарды әскери жолмен емес, тек келіссөз бен диалог арқылы тоқтату мүмкін екенін айтқан. Сұхбатты жүргізген журналист Мелинда Карен Нусифора сондай-ақ күтпеген тақырыптардың бірі ядролық қаруды қысқарту мәселесі болғанын айтты.
Оның сөзінше, Лукашенко бұл туралы өте ашық пікір білдірген. "Бұл күтпеген, бірақ өте қызықты пікір болды. Бұл жаһандық аудитория үшін де маңызды ақпарат", – деді журналист.
