Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан үкіметінің басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Беларуське ресми сапармен барды. Кездесу барысында Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.

Лукашенко Қазақстанды серіктес әрі дос ел деп атады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жоғары баға берді.

"Тағы да атап өткім келеді, бұл туралы бұған дейін де ашық айтқанмын: Қазақстан біз үшін серіктес әрі дос ел. Егер Беларусьтің машина жасау, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар сияқты салалары Қазақстанға қызық болса, біз бұл бағыттардың бәрінде бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Оның үстіне, елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ежелден өте жақсы. Қазіргі президент тұсында бұл қатынастар нашарлаған жоқ, керісінше жақсара түсті", - деді Беларусь басшысы.

Ынтымақтастықты дамытуға баса назар

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұрыннан жақсы екенін тағы да атап өтті.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің қарым-қатынасымызды дамытуға үлкен көңіл бөледі. Біз экономикаларымызды өзара байланыстыру және қарым-қатынастарымызды жақсарту мәселесін жиі талқылаймыз", - деді Лукашенко.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Беларуське ресми сапармен барды. Кездесу Минскіде өтті.