BBC News таратқан жаңа дене камерасының бейнежазбасында Луиджи Манжионның McDonald's мейрамханасында ұсталған сәті көрсетілген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбада полиция қызметкері Манжионның рюкзагінен тапаншаның оқпанын тауып жатқаны көрінеді. Кейінірек тәртіп сақшылары рюкзактан тапаншаны да табады.
Айта кетейік, Луиджи Манжион UnitedHealthcare компаниясының бас директоры Брайан Томпсонның өлтірілуіне қатысты федералдық айыптаулар бойынша өз кінәсін мойындады.
Бұған дейін хабарланғандай, Брайан Томпсонның өлімінен кейін бірнеше күн өткен соң Манжион McDonald's мейрамханасында ұсталған болатын.
