Америкалық қорғаныс өнеркәсібінің алыбы Lockheed Martin Ultra Maritime компаниясын $3,45 миллиардқа сатып алу туралы келісім жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сатып алу мәмілесі Lockheed Martin компаниясының теңіздегі соғыс жүйелері саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Ultra Maritime компаниясы суасты дыбыстық жүйелері мен теңіз қару-жарақтарын өндірумен айналысады.
