АҚШ пен Иран арасындағы келісімге және бітімге қол жеткізілгеніне қарамастан, Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Эн-Набатия провинциясы мен оған іргелес аудандарға шабуыл жасады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ливандық БАҚ мәліметінше, түннен бері Израиль авиациясы елдің шығысындағы Бекаа ауданына, сондай-ақ Эн-Набатия провинциясындағы Бариш, Шеххур, Верхняя Набатия, Нумейрия, Шаукин, Хаббуш, Кеферджуз, Арабсалим, Зибдин, Саджид, Махмудия және Дейр-эз-Захрани елді мекендеріне соққы берді.

Соңғы мәліметтер бойынша, 28 адам зардап шекті.

Сонымен қатар, израильдік тарап «Хезболла» қозғалысын АҚШ-Иран келісімдері мен атысты тоқтату режиміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне соққы берді деп айыптады.

Израиль әскерінің мәлімдеуінше, «Хезболла» мүшелері түн ішінде атысты тоқтату режимін бұзып, Израиль күштерінің Ливанның оңтүстігіндегі позицияларына 50 зымыран мен ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасаған, ал Ливан аумағына жасалған соққылар осы әрекеттерге жауап болды.

Хабарламада түнгі шабуылдардың нысанасы ондаған зымыран қондырғылары, әскери қоймалар, командалық орталық және «Хезболла» мүшелеріне қатысты объектілер болғаны атап өтілді.

Бұған дейін «Курсив» Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтату туралы келіскенін жазған болатын. Бітім жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де (Астана уақыты бойынша 18:00) күшіне енуі керек еді.