Аргентина футболшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл шешімді қабылдау маған оңай болған жоқ. Дегенмен карьерамды аяқтайтын уақыт келгенін түсінемін», – деп жазды футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Лионель Месси 39 жаста. Ол – футбол тарихында «Алтын доп» жүлдесін сегіз рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.