Массачусетс штатындағы Линдси Клэнсидің сот процесінде алқабилер екі күн қатарынан судьяға бірауызды шешімге келе алмайтындарын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
36 жастағы Линдси Клэнси — Массачусетс тұрғыны, бұрынғы перзентхана медбикесі. Ол 2023 жылы өзінің үш кішкентай баласын өлтірді деген айыппен сотталуда. Ол өз үйінде балаларын — бес жасар Кораны, үш жасар Доусонды және сегіз айлық Калланды тұншықтырып өлтірді деп айыпталуда.
Алқабилер алқасы екінші рет өздерінің бірауызды шешімге келе алмайтынын жеткізді. Бұл іс АҚШ-та кеңінен талқылануда.
