Францияның солтүстігіндегі Лилль қаласында мыңдаған студент наразылық білдіріп, Республика алаңына жиналды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сейсенбі күні Франция бойынша наразылық шаралары жалғасуда. Наразылық білдірушілер жоғары мектептерге инвестицияның жеткіліксіздігін сынға алады.
BBC-нің Еуропа бойынша тілшісі Ник Бик Лилльдегі тобыр арасында болып, жақын жерде полицияның көптігін байқағанын, бірақ әзірге тәртіпсіздік белгілері жоқ екенін хабарлады.
Өткен аптада Франциядағы кейбір наразылықтар зорлық-зомбылыққа ұласып, наразылық білдірушілер мен билік өкілдері қақтығысқан болатын.
