Абай облысында алтын кенін өндіретін «Горняк» артелі 2025 жылы 8 млрд теңге пайда тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Артель старателей «Горняк» компаниясы, «Акжал Голд Ресорсиз» алтын өндіру компаниясының құрылымына кіреді, 2025 жылы 8 млрд теңге пайда тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артық.

Компанияның негізгі тауарды өткізуден түскен түсімі 37,6 млрд теңгені құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға артық. Компания алтын құрамды флотациялық концентрат пен сульфидті алтын құрамды кенді «Қазақмыс корпорациясына» белгіленген бағамен сатудан табыс табады. Бұл ретте өткізу құны да 24%-ға өсіп, 15,8 млрд теңгені құрады.

Компания пайдасын айтарлықтай қысқартқан факторлар – әкімшілік шығындардың 2,7 есеге өсуі (4 млрд теңгеге дейін), сондай-ақ басқа да шығындардың 3,7 млрд теңгеге дейін өсуі. Бұрын компанияның бұл бағанында кірістері болған.

Компания Абай облысындағы Қаражал, Ақшола және Оңтүстік Ақжал кен орындарын игеруге лицензияларға ие.

Компанияның ірі несиелері бар. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Bank RBK-мен жалпы сомасы $70 млн баламасында ұзақ мерзімді несие желісін ашу туралы келісім жасады. 2025 жылдың соңында банк алдындағы міндеттемелер сомасы 3,7 млрд теңгені құрады.

2025 жылы компания өз акционері – «Акжал Голд Ресорсиз» компаниясына 1,2 млрд теңге көлемінде дивиденд жариялап, төледі.

Айта кетейік, «Артель старателей «Горняк» «Акжал Голд Ресорсиз» және нидерландтық International Private Equity Initiative B.V. арқылы Лихтенштейн азаматы Адриан Роман Рейнбергерге (Adrian Roman Rheinberger) тиесілі.

Еске салайық, «Акжал голд Ресорсез» алтын өндіру компаниясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 7,9 млрд теңге пайда тапқан болатын.