Түркістан облысының Леңгір қаласында зейнеткер әйелді аяусыз ұрды деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін және қай жерде тұратынын анықтаған. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Леңгірде белгісіз біреулер түнде үйге ұрланып кіріп, 65 жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққаны хабарланған еді. Жәбірленушінің інісі қарызға ақша беріп, пайыз алумен айналысқан.
