Ресей Федерациясы үшін Украинаға қатысты мәселені реттеу арнайы әскери операцияның басында қойылған мақсаттарды орындауды және қақтығыстың түпкі себептерін жоюды білдіреді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жасады. Ол туралы РИА новости жазды.
«Біз үшін Украинадағы жағдайды түгелдей реттеу – арнайы әскери операцияның басында қойылған, яғни дағдарыстың түпкі себептерін жоюға бағытталған мақсаттарды орындауды білдіреді», – деді Лавров Дүниежүзілік жастар фестивалінде.
Екатеринбургте 11–17 қыркүйек аралығында Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр.
