Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесіп, одан АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша қазіргі таңда қандай ұстанымда екенін сұрайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент (Дональд) Трамп Украинадағы қақтығыс жақын арада реттелуі мүмкін деген еді. Бұл туралы ертең Марко Рубиодан сұраймын. Оның үстіне, ол да Анкоридждегі кездесудің қорытындысына қатысты екіұшты пікір білдірді. Қалай болғанда да, бұл кездесу пайдалы болады. Сұрақтарды тікелей қойып, жауапты тікелей алған дұрыс», – деді Лавров Ресей–АСЕАН министрлік кеңесінің қорытындысы бойынша.

Ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесу келісілгенін және ертең түске дейін өтетінін айтты.