Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Владимир Путиннің Аляскадағы саммитте қолдаған Украинаға қатысты ұсынысына Ресей әлі жауап алған жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз сол жерде келісімге келдік деп ойладық... Алайда, осы күнге дейін біз қолдаған америкалық ұсынысқа қатысты ешқандай жауап алған жоқпыз", - деді Лавров "Примаков оқулары" 12-ші халықаралық ғылыми-сараптамалық форумында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ ол Ресей Украинамен кез келген уақытта келіссөздерге дайын екенін айтты. "Біз кез келген уақытта келіссөздерге ашықпыз, бірақ бұл маңызды ұсыныс болуы керек", - деді Лавров 12-ші Примаков оқулары халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.
