Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украинадағы жағдай бойынша «Украинада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейлі апталығы аясында Ресейдің атынан қатысып отыр. БҰҰ іс-шарасы аясында ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен де кездесті.

Жоғары деңгейлі апталыққа көптеген мемлекет басшылары мен министрлер қатысатындықтан, олардың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысуы да мүмкін.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының жалпы пікірталастары Нью-Йоркте 22 қыркүйекте басталып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Лавров Ресейге қарсы ақпараттық соғыс Мәскеу тәуелсіз саясатқа көшкеннен кейін басталғанын мәлімдеді.