Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың уақыт өте келе барлық тараптың мүддесін ескеруге мәжбүр болатынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лавров бұл мәлімдемені «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XXIII отырысында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап бере отырып жасады.

«Қазір АҚШ өз мүддесін біржақты түрде ілгерілетуге ұмтылып отыр. Алайда Америка Құрама Штаттары Ресей, Қытай сияқты елдермен байланыс орнатуға мәжбүр. Бұл келіссөздер барысында екі тараптың да мүддесіне сай келетін қадамдар талқыланады», – деді Лавров.

«Мен "өмірдің өзі мәжбүр етеді" деп атаған ұғымның мәні де осында», – деп толықтырды Ресей СІМ басшысы.

«Валдай» халықаралық пікірталас клубының XXIII отырысы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтіп жатыр.