Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар өнер көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі жарыстардың кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Спорттық бәсекелерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
14:30 – Фристайл-акробатика (ерлер). Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов, Асылхан Асан.
20:30 – Конькимен жүгіру спорты, 1500 м (әйелдер). Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко.
«Қазіргі уақытта Олимпиаданың медальдар есебіндегі үздік үштік келесідей: Норвегия – 34 медаль (16 алтын); АҚШ – 27 медаль (9 алтын); Италия – 26 медаль (9 алтын). Жалпы, бүгінге дейін Италиядағы Олимпиада медалін 27 елдің өкілдері иеленді.»
—
«Осы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енген қазақстандықтар: Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метрде алтыншы орын; Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде жетінші орын; Илья Мизерных (тұғырдан секіру) – үлкен трамплинде сегізінші орын; Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда сегізінші орын; Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде тоғызыншы орын; Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын.»
—
