Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері Исхар Курбаев пен Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальдарды жеңіп алды. Бұл наградалар Қазақстан құрамасы үшін өз алаңындағы әлемдік біріншіліктегі алғашқы медальдар болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Исхар Курбаев үшінші орын үшін белдесуде үндістандық Лалитпен кездесті. Қазақстандық белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, 9:0 есебімен жеңіске жетті.
60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали қола жекпе-жегінде қытайлық Цао Лигоны 5:1 есебімен жеңді. Қазақстандықтың қарсыласы 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Өткен жылы Сұлтанғали Загребте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Алайда өз алаңындағы турнирде ол титулын қорғай алмады.
Күрестен әлем чемпионаты Астанада «Барыс Арена» спорт кешенінде 24 қазаннан 1 қарашаға дейін өтеді. Додаға шамамен 100 елден 900-ге жуық спортшы қатысуда. Қазақстан ересектер арасындағы әлемдік біріншілікті 2019 жылдан бері алғаш рет қабылдап отыр. Біздің құрама 30 спортшыдан тұратын толық құраммен өнер көрсетуде.
