Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (389) Almaty Open-2026 турнирінің негізгі сеткасында бірінші болып күш сынасты. 1/16 финалда Волгоград тумасы, 2008 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап жүрген ол грек квалифаи Стефанос Сакелларидисті (133) 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Грек теннисші турнирдің негізгі сеткасына шығу жолында біздің Александр Шевченконы (108) 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңген болатын. Кукушкин ұйымдастырушылардан уайлд-кард алып, квалификациядан босатылған еді. Ол Александр үшін «кек қайтарды».
Бірінші сетте Стефаностың бесінші геймдегі брейкіне Михаил сегізінші геймде дәл солай жауап берді. Одан кейін қарсыластар өз подачаларын ұстап тұрды, ал тай-брейкте корт иесіне сәттілік жымиды – 7:4.
Екінші сеттің екінші геймінде Кукушкин қайтадан қарсыласының подачасын алды. Бірақ Сакелларидис бірден кері брейк жасады – 2:2. 22 жастағы грек қуатты подача жасап, розыгрыштарды әдейі ұзартып, соққы бағытын үнемі өзгертіп отырды. Ол 38 жастағы қарсыласының күші таусылады деген үмітпен оны көп қозғалуға мәжбүр етті. Бұл тактика ақталмады. Кукушкиннің қауқары жеткілікті болып шықты.
Теннисшілер тағы бір рет брейктермен алмасқаннан кейін, партия қайтадан тай-брейкке жетті. Қазақстандық бірден 3:0 есебімен алға шығып, геймді, сетті және матчты сенімді түрде жеңіспен аяқтады. 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) – 2 сағат 12 минут ішінде. Эйстар – 1:9, қосарланған қателер – 1:3, барлық ұтып алынған ұпайлар – 90:85.
Ширек финалға шығу үшін Кукушкин басқа грек Стефанос Циципаспен (39) немесе американдық Александр Ковачевичпен (82) кездеседі.
ATP-250 санатындағы Almaty Open ерлер турнирі – 2020-2023 жылдары Астанада өткізілген жарыстардың мұрагері. 2022 жылы турнир «500» мәртебесін алды, бірақ кейін бастапқы деңгейіне оралды. Алматыда ол алғаш рет 2024 жылы өтті.
Әр жылдары турнирді серб Новак Джокович, ресейлік Карен Хачанов, француз Адриан Маннариво және басқалар жеңіп алды.
2025 жылы чемпион атанған Даниил Медведев финалда Франциядан келген Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Ресейлік биылғы жарыста бірінші нөмірмен себілген.
Almaty Open-2026 турнирінің жүлде қоры – 1,07 млн доллар.
