Куба президенті Мигель Диас-Канель революцияның мерейтойында АҚШ-ты Кубаға қарсы «саяси геноцид» жасады деп айыптады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Диас-Канель өз сөзінде АҚШ-тың Кубаға қарсы саясатын сынап, оны «саяси геноцид» деп атады. Ол АҚШ-тың эмбаргосы мен санкциялары Куба халқына ауыр зардап тигізіп жатқанын атап өтті.